Экономика • 21 Шілде, 2022

Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0, 77 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 482, 04 теңге. Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 481, 20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 485,5 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңгеден болса, сатып алу құны – 484 теңге. Ресей рублі 7,65- 7,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.