Бас шаһарда мына шараларды сақтау ұсынады:
Адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;
қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:
қоғамдық орындарда бетперде тағу жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;
жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;
тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
дамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.
Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.
Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.