Әлем • 22 Шілде, 2022

Орталық Азия елдерінің басшылары кездесті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мем­лекеттері басшыларының Кон­суль­тативтік кездесуі өтті. Бұл туралы Қырғызстан Прези­денті әкім­шілігінің сыртқы саясат бөлі­мінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев мәлім­деді. 

Орталық Азия елдерінің басшылары кездесті

Кездесуге Қырғызстан Президенті – Садыр Жапаров, Қазақстан Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан Президенті – Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті – Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті – Шавкат Мирзиёев қатысты.

«Ел басшылары аймақтық қауіпсіздікке бірлесіп жауап беруде Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Аймақ мемлекеттерінің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері сөз болды», деді Әзімбақиев.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуі аясында аймақ елдері арасындағы достық, тату көршілік пен ын­тымақтастықты нығайтуға бағытталған құжат­тарға қол қойылды.