Әлем • 22 Шілде, 2022

Орталық Азияда атылған оқтың жаңғырығы бүкіл аймаққа тарайды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азия мемлекеттерінің шекарасында әрбір атылған оқтың жаңғырығы барлық аймаққа ауыр сезіледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Орталық Азияда атылған оқтың жаңғырығы бүкіл аймаққа тарайды

Оның айтуынша, мемлекет басшылары аймақ­тағы тұрақсыздықтың әлі де сақталып отырған фак­торларын барынша жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек.

«Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір мылтық даусының жаңғырығы екі елге ғана емес, бүкіл өңірге жағымсыз әсер етеді. Керісінше, дәл қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекеттеріміз қайшылықтарды еңсеру ісінде өркениеттіліктің, жауаптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс. Шекараны заңды түрде рәсімдеу үдерісінің өте күрделі әрі қиын екенін өз тәжірибемізден білеміз. Даулы мәселелер шынайы тату көршілік пен халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына құрмет көрсету арқылы тек қана бейбіт жолмен шешілуі мүмкін. Бұның басқа жолы жоқ. Бұл кешенді проблемаларды елемеудің немесе созбалаңға салудың салдары қиын болады, тіпті Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған барлық күш-жігерімізді жоққа шығаруы мүмкін. Посткеңестік кеңістікте өзінің шекарасын толық делимитация жасаған мемлекет ретінде, Қазақстан, өзара тиімді шешімдер іздестіруге барынша көмек көрсетуге дайын», деді Қ.Тоқаев.