Оқиға • 22 Шілде, 2022

Ақмола облысында суға батқан қыздың денесі табылмай жатыр

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында суға батып кеткен 27 жастағы қыздың денесі екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында суға батқан қыздың денесі табылмай жатыр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 19 шілде күні Аршалы ауданы аумағындағы Астана су қоймасында болған.

«19 шілдеде 21:03 шамасында Аршалы аудандық ПБ кезекшісі хабарласып 1995 жылғы қыз суға батып кеткендігін айтты. Қазіргі уақытта құрамында 10 адам мен екі маторлы қайығы бар құтқарушылар тобы суға батқан адамды іздестіруде», деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, суға батқан әйел сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Ол гидроциклде жүзіп жүрген кезінде суға құлап кеткен.

«Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде енгізілді», деді Полиция департаменті баспасөз қызметі.