Пошта арқылы келген сәлемдемені тексеру кезінде грек жаңғағы қабығының ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Сондай-ақ қағаз орамалдың ішіне тығылған телефон және тіс пастасы қорабынан ұялы телефонға арналған құлаққап табылған. Тәріленген заттар сараптамаға жіберілді.
«Барлық келіп түскен сәлемдемелерді түзету мекемесінің қызметкерлері жан-жақты тексеруден өткізеді. Сотталғандарға алуға тыйым салынған заттар тәркіленеді. Ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан кейбіреулер түрме қызметкерлері байқамай қалады деп үміттеніп, заңсыз затты салып жібереді», деді ОВ 156/20 мекемесі бастығының орынбасары Ермек Айтмұқашев.