Ауа райы • 22 Шілде, 2022

+ 46°С: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 23-25 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

+ 46°С: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында аптап ыстық жалғасады.

«Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді.

Елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде ауа температурасының аздап көтеріледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді.

Республиканың солтүстігінде, шығысында температуралық фон +22 +30°С-қа жетеді.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейінгі қатты ыстық жалғасады.