Қоғам • 23 Шілде, 2022

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

24-28 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз, себебі алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
  • Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
  • Автокөліктермен ұзақ сапарларды шектеген жөн, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз;
  • Балаларды көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.