Спорт • 23 Шілде, 2022

2022 жылғы Азия ойындары қашан өтетіні белгілі болды

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы Азия ойындары қашан өтетіні белгілі болды

Бұл жөнінде Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми түрде мәлімдеді.

Азиада 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді.

Аталған турнир 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығына Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетіні жоспарланған еді. Алайда, әлемде коронавирус инфекциясының өршіп кетуінк байланысты ол кейінге қалдырылды.

Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Оған әзірге 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

Осы уақытқа дейін қазақстандық спортшылар аталған жарыста 1000 медальға қол жеткізді. Олардың 140-ы алтын, 600-і күміс, 260-ы қола.