Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Түркістанға жұмыс сапары барысында осындай деректер айтылды. Сондай-ақ Марат Пашимов басқарып отырған облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының нәтижелі істері атап өтілді.
Өткен жылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. Өткен жылы Түркістан облысында 453 квота бөлінді, 62 әйел жүкті болды, 106-сы бала туудың бақытына ие болды. Дегенмен өңірге 200-ден астам дәрігер керек. Әсіресе, кардиолог, невропатолог, реаниматолог, онколог, окулист, инфекционист секілді кадрлар тапшы.
Бұл орайда министр мәселені шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де баяндады. Мысалы, еліміздің жоғары оқу орындарын бітірген жастар жұмысқа шақырылмақ. Өткен жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3000-ға жуық түлегі жіберілген. Оның ішінде Түркістан облысына 180 қызметкер келген. Ал биыл 170 түлекті жіберу жоспарланып отыр. Ауылға келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылады. Өткен жылы 225 маман көтерме жәрдемақы алса, 183 маман тұрғын үймен, 92 маман басқа да әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген. Түркістан облысында 25 маман көтерме жәрдемақығы ие болған.