Аймақтар • 23 Шілде, 2022

Түркістанда заманауи жедел жәрдем орталығы бой көтерді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жұмыс сапарымен болған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният заман талаптарына сай жабдықталып, 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған медициналық жедел жәрдем орталығының жұмысымен танысты. «Қазақстандық-француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен бой көтерген медициналық станция 25 бригадаға арналған. Инвестиция көлемі – 1,4 млрд теңге.

Түркістанда заманауи жедел жәрдем орталығы бой көтерді

Жедел жәрдем станциясы жылына 70 мыңға жуық шақыруға шыға алады. Министрге саланың нәтижелі жұмыстарын баяндаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде денсаулық саласында жаңа нысандар салынып, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, цифрландыру, жедел жәрдем көліктерімен қамту жұмыстары өз ретімен жүргізіліп келе жатқанын айтып өтті.

П

Жаңа ашылған жедел жәрдем стансасы 4 категориялық санат бойынша «алтын сағат» қағидасына сай жұмыс істейді. Орталықта сондай-ақ, АҚШ-та біліктілігін арттырған облыс мамандары қызмет көрсетеді.

Жалпы облыс бойынша 140 жедел медициналық жәрдем бригадалары шақыртуларға қызмет атқарады. Өңір қажеттілігі 96 пайызға қамтылған. Жедел жәрдем қызметінің кластері құрылып, ауылдық және қалалық жедел жәрдем қызметтері орталықтандырылған. Нәтижесінде науқастарға жету уақыты барынша азайып, қызмет көрсеру сапасы айтарлықтай артқан.