Теннис • 23 Шілде, 2022

Денис Евсеев теннистен Президент кубогының финалына өтті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ерлер мен әйелдер арасында Президент кубогының финалына шыққан теннисшілердің есімдері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денис Евсеев теннистен Президент кубогының финалына өтті

ҚТФ хабарлағандай, Денис Евсеев өз спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына жолдама алды.

Денис Евсеев жартылай финалда отандасы Бейбіт Жукаевты 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Әр партияда Денис бір-бірден брейк жасады.

Енді ол жексенбі күні өтетін финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Роман Сафиуллинмен бас жүлдені сарапқа салады.

Роман Сафиуллин жартылай финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попкодан айласын асырды. Есеп - 6:3, 6:2.

Президент кубогы аясында әйелдер арасында ITF M60 додасында соңғы бәсекеде жапониялық Моюка Учиджима мен сербиялық Наталья Стефанович кездеседі.