Спорт • 24 Шілде, 2022

Елордада өткен триатлоннан Азия чемпионатында қазақстандықтар жүлделі болды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда U23 және U19 атлеттері арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Елордада өткен триатлоннан Азия чемпионатында қазақстандықтар жүлделі болды

Кең ауқымды спорт бәсекесін 2021 жылы өткізу жоспарланған еді. Алайда ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінге шегерілді.

Жарыста Қазақстан сапынар 15 спортшы өнер көрсетті. Олардың арасында Дарын Қонысбаев та бар. Ол U23 категориясындағы жүлдегерлер арасында екінші орын алды.

Дарын Қонысбаев гонконгтік Оскар Коггинсті басып озды. Коггинс жарыстың басында-ақ жылдамдықты арттырып, соңында үш кезеңді 1 сағат 51 минут 14 секундта аяқтады.

Мәреге үшінші болып қытайлық Цин Чен келді.

Әйелдер арасындағы U23 категориясында жарыс жеңімпаздары қатарында Жапония мен Қытай өкілдері болды. Бірінші орынды 2:10:26 уақытымен жапониялық Изуми Икегучи алды.

Қытай командасының өкілдері Вен Вей мен Синьи Лин «күміс» және «қола» жүлделерді алды.

U19 жарыстарында жапониялық спортшылар Мако Зиразуми мен Манами Хияши екінші орын алды.

«Қола» жүлдені Гонконг командасының спортшысы Шарлотта Холл алды.

Ерлер арасында жеңісті жапониялық Аму Омуро мен Такуто Осима алды. Олар 1 мен 2-ші орындарды бөлісті.

Жүлдегерлердің арасында қазақстандық атлет Егор Крупняков та бар.

Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Олардың арасында Жапония, Қытай, Корея, Қырғызстан сияқты елдер мен Гонконг бар.