Теннис • 25 Шілде, 2022

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізд, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 41-ге төмендеді.

Президент кубогының финалына шығуы нәтижесінде Денис Евсеев 341-ден бірден 269-орынға көтерілді. Осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев қазір 394-сатыда. Сөйтіп екеуі де жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Дмитрий Попко 179-ыншы, Михаил Кукушкин 207-інші, Тимофей Скатов 216-орында келеді. Жұптық сында Андрей Голубев 43, Александр Недовесов 61-сатыда тұр. Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-орнында қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге түсті. Зарина Дияс - 245, Жібек Құламбаева - 488 (+21), Гөзал Айнитдинова - 561. Жұптық сында Анна Данилина 23-орында келеді.