Әлем • 25 Шілде, 2022

Үндістанның он бесінші президенті ант қабылдады

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Драупади Мурму дүйсенбі күні ант беріп, ресми түрде Үндістанның 15-ші президенті болып сайланды. Үндістан телеарналары тікелей эфирде көрсеткен салтанатты шара Нью-Делидегі ел парламентінің орталық залында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанның он бесінші президенті ант қабылдады

«Тәуелсiздiктiң 75 жылдығында маған осы қызметке келу бақыты бұйырды. Бізге, тәуелсіз Үндістан азаматтарына азаттық жолындағы күрескерлеріміздің үмітін ақтау үшін күш-жігерді арттыруға тура келеді», деді Мурму ант қабылдағаннан кейін президент ретіндегі алғашқы сөзінде.

Президент сайлауы 18 шілдеде өтті. Оған ел парламентінің жоғарғы және төменгі палаталарының депутаттары, сондай-ақ 28 штат пен екі одақтық аумақтың заң шығарушы жиналыстарының (аймақтық парламенттердің) мүшелері қатысты.

21 шілдеде дауыс саналды, билеуші Бхаратия Джаната партиясы (Үндістан халық партиясы) басқаратын ұлттық демократиялық альянс атынан шыққан Мурму 64 пайыздан астам дауыс жинап, біріккен оппозиция өкілі Яшвант Синхадан әлдеқайда озып кетті.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50