Аймақтар • 25 Шілде, 2022

Бестөбе кенішінде заңсыз алтын іздеген адамның мәйіті табылды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кені шахтасында заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бестөбе кенішінде заңсыз алтын іздеген адамның мәйіті табылды

Төсек қапқа оралған мәйітті таңертең тексерушілер жарылғыш материалдар тасымалдайтын вагонның ішіндегі шахта «оқпанының» жанынан тапқан.

Диспетчер оқиға болған жерге жедел полицияны шақырып, мәйіт кімдікі екендігін анықтаған. Марқұм Бестөбе ауылының тұрғыны болып шықты. Ол Бестөбе кенішінде жұмыс істемеген.

Осы арада Бестөбе алтын кенішінің шахтасы шамамен бір жылдан бері жұмыс істемей, қаңтарылып тұрғанын айта кету керек. Ал төменгі көкжиектерін жер асты сулары басқан.

Бұған дейін де биыл осы кеніштің «Западная» шахтасының көкжиегін бақылаушылар 43 жастағы Павлодар облысы тұрғынының денесін тапқан болатын. Степногорск полициясының мәліметі бойынша ол жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болды. Дегенмен марқұм шахтаға заңсыз енген, сол жерде бәлкім оны серіктестері тастап кеткен.

Ал Бестөбе кенішінің иесі «Алтыналмас» компаниясының өкілдері желдеткіш және басқа да инженерлік жүйелер істемей тұрғандықтан, жартылай су басқан, қызмет етпейтін шахтаға түсу өте қатерлі екенін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03