Аймақтар • 25 Шілде, 2022

Алматыда тұрғындарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тендерде ұтып беремін деп алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тұрғындарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С.есімді әйелді ұстады.

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті «жақсы таныстарына» сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта С. есімді әйелдің қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.