Шараны елорда әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы ұйымдастырады.
Жәрмеңке тақырыбы: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар киімдері, керек-жарақтар мен аксессуарлар және басқа да бағыттар.
«Елордалық балалар тауарлары мен қызметтерінің «Kids EXPO. Балалар әлемі» - тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін коммуникациялар үшін мінсіз платформа.
Жәрмеңке кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру және ойын-сауық салаларының өкілдерін, балалар мен олардың ата-аналарына арналған тауарлар мен қызметтерді бір алаңда біріктіруге мүмкіндік береді. Жәрмеңкеге қатысу-бұл шағын және орта бизнесті дамыту, тауарлар мен қызметтерді жылжыту, бренд туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ сатылымды арттыру үшін нақты мүмкіндіктер», делінген хабарламада.
Сондай-ақ іс-шараға келушілер үшін арнайы іскерлік және мәдени іс-шаралар бағдарламасы ұйымдастырылады, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылармен пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптары, концерттік бағдарлама, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері болады.