Қазақстан • 26 Шілде, 2022

Биыл Қазақстанда 28 қаржы пирамидасы анықталды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларымен күреске қатысты жұмыс тәсілдерін жетілдіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Қазақстанда 28 қаржы пирамидасы анықталды

Атап айтқанда, аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі де әзірленді.

«Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам сайт бұғаттауға жіберілді. Биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген», деп жазды ведомстводан.

Сотта 7 қылмыстық істі қаралып, 11 адам сотталды, оның ішінде 1-еуі Украина азаматы.

«Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады», делінген хабарламада.