Қоғам • 26 Шілде, 2022

Картоп бағасы 5 пайызға төмендеді

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев картоп экспорты туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Картоп бағасы 5 пайызға төмендеді

«Картоптың ішкі нарықтағы айлық қажеттілігі - 152,7 мың тонна. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда картоп қоры 124,9 мың тонна болады. Маусым айынан бастап ерте пісетін картоп жиналып жатыр. Оның жалпы көлемі 270,9 мың тоннаға жетті. Тамыздың бірінші жартысында 7,8 мың тонна жинау жоспарланған.

Бұл ішкі нарықты молықтыруға және картоп бағасының тұрақтануына ықпал еткенін айта кеткім келеді. Осы айдың басынан бері картоптың бағасы 5% төмендеді. Қыркүйектен бастап күзгі картопты жинау басталады, оның көлемі 4 млн тоннадан асады. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және белгілі бір көлемді экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді», деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.