Кино • 27 Шілде, 2022

Қандай фильмдердің бағы жанады? Әлеуметтік маңызы бар 62 киножоба іріктеуден өтті

353 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта айналамыздағы тіршіліктен сыр тартатын қандай көркем дүниелер, деректі картиналар көрермендеріне жол тартады? Бұл фильмдер қай өлшеммен таңдалды? Не десек те, отандық 62 киножоба 2022 жылғы конкурстық іріктеуден өтті. Ендігі жерде Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 шілдедегі бұйрығына сәйкес төмендегі жобалар мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

Қандай фильмдердің бағы жанады? Әлеуметтік маңызы бар 62 киножоба іріктеуден өтті

Бұл шешім «Ұлттық кино­ны қолдау мемлекеттік орта­лығы» КеАҚ жанындағы Сарап­тама ке­ңе­сінің мақұлданған қоры­­тын­дысы мен Ұлттық фильм­дер­ді мем­­лекеттік қар­жы­лық қол­дау мә­селе­лері жөнін­де­гі меке­меаралық ко­мис­­сия ұсы­ны­мы­ның негізінде қа­былданған.

Сонымен өз жұмыстарын ашық қорғауға 204 киножоба қатысып, нәтижесінде 62 өтінім іріктелді. Соның ішінде 18 толық­метражды көркем фильм, 19 де­ректі, 17 қысқа­метражды және 8 ани­мациялық фильм бар.

Алдымен ақтық тізімге ілін­­ген әлеуметтік маңызы бар фильм­дер­ге келсек, «Авель», «Опе­ра­ция», «Набат», «Олиара» көр­кем фильм­дерін «Ш.Айманов атын­дағы «Қа­зақфильм» АҚ түсі­реді. Сол сияқты «Лучник» («Nomad Stunts» ЖШС), «Бүркіт» («Terra Motors Astana» ЖШС) картиналары бар. Ал «Қонақ­тар», «Мүйізтұмсық», «Шу-Ла-Ма» киножобалары «Golden Man Media» ЖШС-на тиесілі. «Сол­даттың махаббаты» картинасын «Medeor» ЖШС ұсыныпты. Қысқаша тоқталғанда «Жұпар жүрек», «Айқай», «Талақ», «Мет­ро», «Қара қыз», «Жел тоқтаға жер» киножобаларының да жолы болғалы тұр.

Мұнан бөлек «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ тү­сір­гелі отырған «Спутник», «Ино­­ходец», «Ледник», «Жел пай­да болған жер», «Той», «Мені­мен сөй­лес, Мәншүк…» деректі фильм­­­дері де қаржыландырылады.

Басқа кинокомпанияларға ­тие­сілі деректі фильмдер ішінде «Ки­но­летопись» пен «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее де­да», «Аркау-Озок», «Аул стра­теги­ческого значения», «Ева. Батыр-қыз», «Молитва Лейлы», «Великий казахский самоед», «Ошибка» молодости», «Киин-Кериш», «Бибигуль Тулегенова – линия судьбы» бар.

Әлеуметтік маңызы бар анима­циялық фильмдерден «Жошы», «Бұйрабас», «Тайқазан хикаясы», «Ашина. Легенда о небесных вол­ках», «Оркеш», «Алмалы», «Де­рево Амен-ага» жобалары жеңді.

Бағы жанғалы тұрған режис­­серлердің тырнақалды туын­ды­ларының қатарында «Мереке», «Возмездие», «Сауға», «Әке», «Клуб­ничная Принцесса», «Са­быр», «Қыр басындағы екеу», «Анасы бар адамдар ешқашан қар­таймайды», «Понча», «Преступ­ник», «Пуговицы», «Сары-өмір», «Дала қорғаушысы», «Сократы», «Кешігіп соққан жел», «Үміт сәу­лесі», «Защищённое место», «По­вилика», «Все на мослы» «Құрт» киножобалары бар.

Бірлесіп түсірілетін бір ғана лен­та­ болса, ол «Ш. Айманов атын­дағы «Қазақфильм» АҚ ұсынған «Сны реки» деректі фильмі.

Кең ауқымды аудиторияға ұсы­нылатын көркем фильмдер іші­нен «Алматы, я люблю тебя!» кар­тинасы іріктеуден өтті.

 

АЛМАТЫ