Коронавирус • 27 Шілде, 2022

Індет жұқтырған 32 адам ауыр халде жатыр

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы деректерге сәйкес, елімізде 20 958 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Індет жұқтырған 32 адам ауыр халде жатыр

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 1 386 пациент стационарда, 19 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 32 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас ӨЖЖ аппаратымен демалуда», делінген комиссия ақпаратында.