Белгілі болғандай, 35 жастағы күдікті 67 жастағы ер адамды дене жарақатымен жол жиегіне қалдырып кеткен.
«Алдын ала болжам бойынша, екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, араларында жанжал туындаған. Күдікті эмоцияға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан кейін жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.
Бұл оқиға 22 шілде күні сағат 20:15 шамасында Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет кентінде болған.