Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыз қанағаттандырылып, соттың заңды шешімі күтілуде.