Спорт • 27 Шілде, 2022

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлделі болды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда грек-рим күресінен әлем чемпионаты басталды. Аталған жарыстың екінші күнінде Қазақстан командасы алғашқы медальмен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлделі болды

Бұл марапаттың авторы классикалық стильдегі балуан Арсен Жұма болды, ол 48 келіге дейінгі санатта қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін айқаста ол Армениядан келген Тигран Галстяннан мықты болды.

Бұл салмақта Иран өкілі Али Ахмади Вафа жеңімпаз атанды, ол финалда үнді спортшысы Ронита Шарманы жеңді.