Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртеніп жатыр.
«Керемет» тұрғын үй кешені аумағындағы 7, 32-үйде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Дүкеннен шыққан өртті сөндіру үшін өрртке қарсы баспалдақ қойылып, бөшкелер енгізілді, газ-түтіннен қорғау қызметі бөлімшелерінің жұмысы ұйымдастырылды. Өрті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күші мен құралдары тартылды», делінген ТЖД хабарламасында.
Белгілі болғандай, өрт сағат 10.56-да оқшауланып, 10.58-де сөндірілді.