Экология • 27 Шілде, 2022

Браконьерлерден құны 360 млн теңге болатын киік мүйізі тәркіленді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында полиция құны 360 млн теңге болатын киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Браконьерлерден құны 360 млн теңге болатын киік мүйізі тәркіленді

Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасында кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Онда көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.