Білім • 27 Шілде, 2022

Университет ректорлары халық алдында есеп береді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылынан бастап университет ректорлары халық алдында есеп беріп отыратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Университет ректорлары халық алдында есеп береді

«Жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам формасына көшірілді. Бұл түскен табысты мемлекеттік бюджетке жібермей, университетті дамыту үшін бағыттауға мүмкіндік береді. Корпоративтік басқару – университеттерді дамытудың өте перспективалы құралы. Әрине, бұл реформа барлық ректордың көңілінен шықты деп айту қиын, өйткені енді университет бюджетін тек ректор бір өзі ғана бақылап, басқара алмайды», деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Директорлар кеңесі мен ЖОО басқармалары ректор өз позициясын қорғай алатын алқалы органдар ретінде әрекет етеді.

Директорлар кеңесіне азаматтық қоғам өкілдерінің көптеп тартылғаны да өте маңызды.

«Енді ұлттық жоғары оқу орындары ғана емес, барлық университеттің ректорлары жыл сайын қол жеткізген академиялық көрсеткіштер жайында ғана емес, бюджеттің атқарылуы туралы да халық алдында есеп беруге тиіс», деді Асхат Аймағамбетов.