Қазақстан • 27 Шілде, 2022

ҚазАзот цехының шатыры құлады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда «ҚазАзот» АҚ цехының шатыры опырылып құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазАзот цехының шатыры құлады

24-25 шілдеге қараған түні «ҚазАзот» АҚ аумағында жарылысқа ұқсас қатты дауыл болды. Бұл туралы қала тұрғындары хабарлады.

«ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметі кәсіпорында күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехы (ПСМУ) ғимаратының шатыры ішінара қирағанын нақтылады.

«Оқиға 24 шілдеде сағат 05:20-да болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ғимараттың шатыры ішінара құлап кеткен. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орны «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС авариялық-құтқару қызметімен тексерілді», делінген «ҚазАзот» баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Қазір қауіпті аймақ қоршауда. Қызметкерлерге кіруге тыйым салынды.