Қазақстан • 27 Шілде, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс тоқтап қалды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясы сөніп қалып, соның салдарынан алау өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс тоқтап қалды

Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, алаудың жануына электр энегриясының өшуі себеп болған.

«KEGOC» АҚ электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастады. Соның салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты сөндірілді. Осыған байланысты зауыт жұмысы авариялық жағдайда тоқтатылды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша, зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. «KEGOC» АҚ-ның электр беруді тоқтатуы жоспардан тыс болып отыр. Бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді», делінген хабарламада.