Бұған дейін Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы АҚШ-та вирустық аурудың таралуы туралы деректерді жаңартты. Соңғы мәліметтер бойынша, елде маймыл шешегін жұқтырудың 3 487 жағдайы анықталды. Жағдайлардың ең көп саны Нью-Йорк (990), Калифорния (356) және Иллинойс (344) штаттарында тіркелді.
«Қазіргі уақытта біз маймыл шешегінің өршуін қажетті топтарға қатысты дұрыс стратегияларды қолдану арқылы тоқтатуға болады деп санаймыз, бірақ уақыт өтіп жатыр және бұл үшін бәріміз бірігуіміз керек», деді Льюис.
Ол ДДҰ шешекпен күресудің жаһандық үйлестіру тетігін жасап жатқанын, бірақ әзірге бәрі талқылау деңгейінде екенін айтты.