Полиция департаментінің мәліметінше, 23 шілдеде орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткер хабар-ошарсыз кеткен. Келесі күні полицияға оның танысы хабарласқан. Жедел іздестіруге еріктілер мен қала тұрғындары көмектесті.
«Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін табылды. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», деді ведомство өкілдері.