Әлем • 28 Шілде, 2022

Иранда селден 4 адам зардап шекті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Тегеран провинциясында сел мен су тасқынынан төрт адам зардап шекті, 9 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранда селден 4 адам зардап шекті

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бір күн бұрын Тегеран мен оның маңайында толассыз жауған жаңбыр сел мен көшкінге ұласқан. 

Қазіргі сәтте Имамзаде Давуд ауданында із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда. 

Жағдайға байланысты Иран Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир-Хусейн Коливенд және Теһран губернаторы Мухсин Мансуримен шұғыл жиын өткізді. 

Иран президенті Эбрахим Раиси құтқару жұмыстарын жеделдетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40