Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.
Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Бағдарлама шаралары аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндірістік бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион еңбеккердің жалақысы өскенін баяндады.
Президентке Үкіметтің барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап жатқаны туралы айтылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, табысы жоқ азаматтардың экономикаға әлеуметтік тұрғыдан жұмылдырылуына қатысты кешенді шаралар атқарылып жатыр. Бұл ретте оларға жұмыс орындары ашылып, жаңа кәсіп түрлерін меңгеру үшін біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік жасалуда.
Премьер-министр орынбасарының айтуынша, 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылмақ. 1 шілдедегі мәлімет бойынша 249 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 56 пайызына сәйкес келеді.
Әкімдіктермен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы саларында және аграрлық секторда 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулы жасақталған. Бұл тізімде 266 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын 847-ге жуық жоба бар.
Мемлекет басшысына «Жастар тағылымдамасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша тағылымдамадан өту мерзімін ұзарту, еңбекақы көлемін арттыру және жастардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға бөлінетін гранттардың көлемін өсіру жөнінде баяндалды. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына жататын азаматтардың тұрақты табыс табуы үшін жағдай жасалуда және әйелдерді жұмыспен қамту тетігі әзірленді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы халықтың табысын арттырудың маңыздылығын және мұның ұлттық жобаларда көзделген мақсаттарға қол жеткізуге тікелей байланысты екенін атап өтті. Үкіметке аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды. Президент азаматтардың табысын арттыру жұмыстары барлық орталық және жергілікті атқару органдары үшін басты міндет болуға тиіс деп санайды.
Әдебиет • Бүгін, 21:55
Әдебиет • Бүгін, 21:54
Аймақтар • Бүгін, 21:53
Технология • Бүгін, 21:52
Экология • Бүгін, 21:50
Экология • Бүгін, 21:48
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Бүгін, 21:47
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Бүгін, 21:45
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Бүгін, 21:42
Қоғам • Бүгін, 21:42
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 21:38
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 21:37
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Бүгін, 21:35
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Бүгін, 21:32
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Бүгін, 21:32
Лондон мұражайы нигериялық артефактілерді қайтарады
Әлем • Бүгін, 21:07
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Бүгін, 20:48
Елордада мемлекеттік грант алуға өтінімдер қабылдау басталды
Елорда • Бүгін, 20:20
Абай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:21
Қазақстандық теннисшілер ITF World Tennis Tour W25 турнирін сәтті өткізіп жатыр
Теннис • Бүгін, 19:13
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:45
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Бүгін, 18:25
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:10
Оңтүстік Кореяда кейінгі 80 жылда болмаған жаңбыр жауды
Әлем • Бүгін, 17:55
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:41
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:11
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:59
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
eGov Mobile қосымшасында «Денсаулық» бөлімі іске қосылады
Медицина • Бүгін, 16:25
Биыл мектеп формасы өзгермейді
Білім • Бүгін, 16:14
Экономика • Бүгін, 15:54
Мектеп оқушыларына берілетін қаржылай көмек көлемі артады
Білім • Бүгін, 15:43
«ҚазТрансГаз Аймақ» лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергеліп жатыр
Оқиға • Бүгін, 15:32
Министрлердің халықпен 227 кездесуі жоспарланған
Үкімет • Бүгін, 15:27
Үш қазақстандық ЖОО ғылыми зерттеу мәртебесін алады
Білім • Бүгін, 15:12
Жетісу облысының ТЖД басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Алматыға QazVac пен Pfizer-дің 60 мыңға жуық дозасы жеткізіледі
Коронавирус • Бүгін, 14:55
Маңғыстауда электр энергиясын ұрлағандар сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:42
Ұқсас жаңалықтар