Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйдің бір қабаты сүріледі

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда тау бөктерінде орналасқан элиталы тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйдің бір қабаты сүріледі

Салынып жатқан Pain Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімі бойынша бұзылатын болды.

«Ерменсай шағынауданы 7 учаскедегі 8/1 салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы тұрғын үйдің үшінші қабатын заңсыз салып жатқаны анықталды. Рұқсат тек 2 қабатқа берілген. Былтыр қарашада  басқарма сотқа үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Апелляциялық өтініш оң нәтиже берді. Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалып жатыр», делінген хабарламада.