Білім • 28 Шілде, 2022

Алматыда оқушылар көк түсті форма киеді

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы оқушылары жаңа оқу жылынан бастап қою көк түсті форма киеді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда оқушылар көк түсті форма киеді

«Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасы 2016 жылы бекітілген болатын. Пандемия кезінде оқушыларға еркін киінуге рұқсат бердік. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп формасын киеді, яғни – қою көк түсті форма», деді спикер.

Сонымен қатар ол ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайтынын атап өтті.

«Мектеп формасын ата-ана өзі таңдайды. Аяқ киімге келер болсақ, классикалық туфли киюге міндеттемейміз. Бала өзіне ыңғайлысын киеді», деді Ләззат Жылқыбаева.