Қоғам • 29 Шілде, 2022

Есік қаласындағы атыс: Күдіктілердің барлығы ұсталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарулы қақтығыста пайдаланылған қару тәркіленіп, қылмыстық тергеу материалдарына қоса тіркелді. 1992-1999 жылдары туған үш күдікті қамауға алынды. Олар бұрын да істі болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есік қаласындағы атыс: Күдіктілердің барлығы ұсталды

«Негізгі айыпталушы оқиға болған күні ұсталды. Қалған екеуі кеше қолға түскен. Үшеуі де УҰИ-ға қамалды. Жанжалда пайдаланылған атыс қаруы (помпалық бес оқтаулы мылтық) тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде тергеу материалдарына қоса тігіледі. Қылмыстық тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында», деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Тергеу қылмыстық заңнаманың үш бабы, атап айтқанда «адам өлтіру», «адам өлтіруге оқталу» және «қару қолданумен жасалған бұзақылық» бойынша жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 22-23 шілдеге қараған түні Есік ауруханасына оқ жарақаттарын алған 18 және 30 жастағы екі жергілікті тұрғын жеткізілді, олардың бірі реанимацияда қайтыс болды.

Кейінірек полиция іс бойынша негізгі айыпталушы 30 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.