globallookpress.com
«Астана Аренадағы» қарымта кездесу ештеңе шешпейтін еді. Себебі Польшада өткен алғашқы матчта «Ракув» 5:0 есебімен жеңген болатын.
Дегенмен, жанкүйерлер астаналық команда қарымта кездесуде жеңіп, УЕФА клубтарының рейтингінде Қазақстанға ұпай сыйлайды деп сенген. Бірақ польшалықтар «Астана Аренадан» жеңіспен қайтты. Кездесудің 16-минутында украиналық футболшы Владислав Кочергин алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Бұл ойындағы жалғыз гол болды. Кездесу барысында елордалықтардың есепті теңестіретін мүмкіндігі бола қойған жоқ.
Осылайша, «Астана» биылғы еурокубокпен қоштасқан алғашқы қазақстандық клуб болып отыр. Команда қатарынан үшінші еуромаусымда жарыс жолын ерте аяқтады.