Футбол • 29 Шілде, 2022

«Қызыл-Жар» Конференция лигасында сенсация жасады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының намысын қорғайтын «Қызыл-Жар» Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызыл-Жар» Конференция лигасында сенсация жасады

Хорватиядағы қарымта матчта 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 62 минутында Гиорги Иванидзе есеп ашса, араға екі минут салып Мусса Коне таблодағы есепті еселеді.

«Астана Аренадағы» бірінші кездесуде хорватиялықтар 2:1 нәтижесімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркеліп, «Қызыл-Жар» жарыстың келесі кезеңіне шықты. Осылайша өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстік қазақстандықтар жеке көрсеткіштерін жақсартты.