Футбол • 29 Шілде, 2022

Бүгін Қазақстан кубогының төртінші туры басталады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі төртінші туры басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қазақстан кубогының төртінші туры басталады

Төртінші тур ойындары 29, 30, 31 шілде күндеріне белгіленген.

Бүгін А тобында 19:00-де «Ордабасы» (Шымкент) және «Атырау» командалары кездессе, 21:00-де В тобында «Қайсар» (Қызылорда) және «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасады.

Ертең, 30 шілдеде 19:00-де D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 31 шілдеде 18:00-де В тобында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақжайық» (Орал), 19:00-де D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тұран» (Түркістан), 21:00-де А тобында «Ақсу» (Павлодар облысы) және «Қайрат» (Алматы), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) және «Тобыл» (Қостанай) ойындары басталады.