Елорда • 29 Шілде, 2022

Астаналықтар спортпен тегін айналысады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «қолжетімді спорт» жобасы аясында тұрғындар үшін спорттың бес түрінен жаттығулар тегін өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астаналықтар спортпен тегін айналысады

«Қолжетімді спорт» жобасы бойынша елорда тұрғындары фитнес/йогамен, скандинавиялық жүріспен, үстел теннисімен және каратэмен айналыса алады. Жаттығудың бәрі астаналықтар үшін тегін өткізіледі.

Айта кетейік, спорт жаттығулары аптасына 2 рет қала саябақтарында өткізіледі. Бұл ретте қатысушылармен білікті жаттықтырушылар айналысады.

Фитнес, жүгіру, каратэ және скандинавиялық серуендеу жаттығуларына тіркелудің қажеті жоқ, белгіленген уақытта кесте бойынша келе аласыз.

Үстел теннисінен сабақтар залдарда өткізіледі, сондықтан +77076184343 нөміріне тіркелу қажет.

Жаттығу кестесін Instagram желісіндегі @dostupnyi_sport kz парақшасынан көруге болады.