Аймақтар • 30 Шілде, 2022

Оралда екі автобус соқтығысты

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда екі автобус соқтығысты

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 10.30-да Мұхит және Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды.

Қалада 39-бағытта жүретін «ПАЗ» автобусының жүргізушісі Дәулеткерей көшесімен келе жатып, басты көше - Мұхитқа шығарда жол бермей, 30Д бағытында жүретін автобуспен соқтығысқан. Салдарынан 39-автобус қиылыста тұрған Toyota Camry автокөлігіне аударылған.

Жол апатынан кейін 11 адам жарақат пунктіне жүгінді, олардың біреуі - бала. БҚО Полиция департаменті және облыстық

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, қосымша ақпаратты кейін беретінін жеткізді.