Теннис • 30 Шілде, 2022

Анна Данилина Варшава турнирінің финалына шықты

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина Варшава турнирінің финалына шықты

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен германиялық Анна-Лена Фридзам жартылай финалда Польша өкілі Майя Хвалинска – чехиялық Джесика Малечковамен шеберлік байқасты.

Бірінші партия тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-германиялық жұп басымдылық танытты – 7:6 (7:3).

Екінші сетте Данилина мен Фридзам қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған кездесу барысында 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Қазақстандық-германиялық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, польшалықтар Катажина Кава – Алисия Росольскамен бас жүлдені сарапқа салады.