Аймақтар • 30 Шілде, 2022

Оралда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда 10 тамыздан бастап автобустарда жолақы бағасы өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайды

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, шаһарда жолақы төлеудің электронды жүйесі жолаушы тасымалдайтын барлық 27 қалалық бағытта орнатылды.

«Оралда 10 тамыздан бастап сараланған жолақы бағасы енгізіледі. Атап айтқанда, көлік картасы, Avtobys, QR-код және Kaspi QR қосымшаларымен жолаушылар бұрынғыша 80 теңге төлейді. Ал қолма-қол төлемақы 150 теңге болмақ. Балалар жолақысы – 70 теңге. Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері, көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедектер, сондай-ақ 7 жасқа дейінгі балалар (орын ұсынусыз) тегін жүреді. 15 жасқа дейінгі балалар, көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерді алып жүрушілер жолақының тең жартысын төлейді», деп хабарлады ведомстводан.