Күрес • 31 Шілде, 2022

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финальна өтті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Камил Куруглиев еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финальна өтті

Әлем чемпионаты Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық балуан 30 шілдеде жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллимен күш сынасты.

Белдесу барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Енді ол 31 шілдеде финалда венгриялық Муса Ашрункаевпен тартысқа түседі.

Финалдық ойындар елорда уақытымен 21:00-де басталады. Сондай-ақ. ел құрамасынан Нұрданат Айтанов (51 келі)сол күні қола жүлдеге таласады.