Әлем • 01 Тамыз, 2022

Бейрутте астық қоймасы опырылып құлады

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливан астанасы Бейрутте екі жыл бұрын жарылыс кезінде бүлінген астық қоймасының бір бөлігі опырылып құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейрутте астық қоймасы опырылып құлады

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, өрт салдарынан элеватордың бір бөлігі опырылып түскен. Билік қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы көшелерді жауып тастады. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салсақ, Ливанның Қоршаған ортаны қорғау министрі Насир Ясин шілденің 29-ы күні дәл осы астық қоймасының кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін екенін ескерткен.