Қазақстан • 01 Тамыз, 2022

Жылу үшін артық төленген қаржы тұрғындарға қайтарылады

383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық тұтынушыларға жылу үшін артық төленген 490 миллион теңге қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Жылу үшін артық төленген қаржы тұрғындарға қайтарылады

Қазақстан бойынша жылу энергиясын есептеу құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмысы аяқталды. Қаражатты қайтару жүйесі жаңа жылыту маусымында (2022-2023 жылдар) аванс ретінде немесе 2022 жылдың соңына дейін дербес шотта көрсетіледі.

«Табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен қайта есептеуді жүргізуге міндетті.

2021-2022 жылдарда жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері есептеу құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін ҚҚС-ты ескере отырып, жалпы сомасы 489 миллион 950,2 мың теңге жылу энергиясы үшін төлемақыға қайта есептеу жүргізді», деп жазылған хабарламада.

- Алматы қаласы бойынша – 40 935 520 теңге;

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 1 755 990 теңге;

- Шымкент қаласы бойынша – 27 698 240 теңге;

- Алматы облысы бойынша – 9 284 560 теңге;

- Ақмола облысы бойынша –  20 338 930 теңге;

- Атырау облысы бойынша – 8 275 780 теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша – 20 185 000 теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  186 251 070 теңге;

- Жамбыл облысы бойынша – 16 585 480 теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 786 580 теңге;

- Қарағанды облысы бойынша –  81 306 480 теңге;

- Қостанай облысы бойынша –  4 449 030 теңге;

- Қызылорда облысы бойынша –  38 824 760 теңге;

- Павлодар облысы бойынша – 3 138 510 теңге;

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 26 648 420 теңге;

- Түркістан облысы бойынша – 3 485 900 теңге.

Бұл ретте Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін қайта есептеу болмайды, себебі жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын есепке алуға сәйкес жүргізілген.