Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

Алматылық шенеуніктер бюджет қаражатын қолды қылған

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бюджет қаражатын жымқырған мемлекеттік қызметкерлер жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық шенеуніктер бюджет қаражатын қолды қылған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы А.Керімбек, оның қарамағындағылар К.Әбдіжаббарова, Д.Тазабек және «Молпродукт» ЖШС директоры Р.Сүлейменова бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Мемлекеттік қызметкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға бөлінген 423 млн теңгені жымқырған.

«А.Керімбек, К.Әбдіжаббарова мен Д.Тазабекке мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, Р.Сүлейменоваға коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген агенттік хабарламасында.