«Мумбайдан 1094 қашықтықта орналасқан Джабалпур қаласында үш қабатты аурухана ғимаратында өрт шығып, жалын қоршауында қалған 150 адам эвакуацияланды», деді Джабалпура полициясының бас суперинтенданты Акхилеш Гаур.
Оның айтуынша, іздеу жұмыстары аяқталды. Ғимараттың бірінші қабаты толық қираған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің тоғыз қызметкері жіберілген.
Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шығуы мүмкін. Қаза тапқандар арасында 4 науқас, 3 аурухана қызметкері, науқасқа күтім көрсететін 1 маман және жеке басы анықталмаған тағы 1 адам бар.
Мадхья-Прадеш штатының бас министрі Шиврадж Сингх Чоухан қаза тапқандар отбасына 6332 АҚШ доллары көлемінде өтемақы төленетінін жариялады.