Әлем • 02 Тамыз, 2022

«Әл-Каида» көшбасшысы арнайы операция кезінде өлтірілді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанда «Әл-Каида» көшбасшысы Айман Завахиридің өлтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

«Әл-Каида» көшбасшысы арнайы операция кезінде өлтірілді

«Әділдік орнады. Террористердің көшбасшысы енді жоқ. Біз ешқашан артқа шегінбейміз», деді Байден.

Оның айтуынша, Завахиридің мекенжайы биыл Американың арнайы қызметіне белгілі болған.

«Ол Америка азаматтарына, Америка әскери қызметшілеріне, дипломаттары мен Америка мүддесіне зорлық көрсетіп, адамдарды өлтірді», деді АҚШ президенті.

Оның айтуынша, Hellfire екі зымыраны ұшқышсыз басқарылатын құрылғыдан ұшырылған. Соққы салдарынан Завахири тұратын үйде оның туыстары мен бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Завахири 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тағы шабуылдың ұйымдастырушысы болды. Ол содан бері қашып жүрді. Ол 2011 жылы Пәкістанда Усама бин Ладен өлтірілгеннен кейін «Әл-Каиданы» басқарды.